Астана – тарих айнасында
«Астана – тарих айнасында» тарихи экскурсы. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Астана – тарих айнасында» атты танымдық тарихи экскурсын өткізді. Іс-шара барысында балалар ежелгі Бозоқ қалашығынан бастап қазіргі елорда – Астанаға дейінгі тарихи жолға саяхат жасады. Олар XIX ғасырдағы көпестер мекені болған Ақмола қаласымен және Тың игеру кезеңіндегі Целиноградтың тарихымен танысты. Қатысушылар дәуірлердің нышандары жасырылған «Қара жәшік» ойынына қатысып, шай, бидай масағы, «Бәйтерек» сияқты тарихи белгілердің мәнін анықтады. Викторина мен командалық тапсырмалар тарих әлеміне саяхатты қызықты әрі әсерлі етті. Іс-шара соңында елорда тарихына арналған кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды