«Аналар – жүрегіміздің төрінде» челленджі
10 мамыр күні Аналар күні қарсаңында №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Аналар – жүрегіміздің төрінде» атты челлендж ұйымдастырды. Барша аналарды ең аяулы мерекелердің бірі – Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы ерекше күні сіздердің күн сайын сыйлайтын мейірімдеріңізге, қамқорлықтарыңызға және шексіз махаббаттарыңызға зор алғысымызды білдіреміз. Аналық – мәңгілік тақырып, мәңгілік ақиқат, мәңгілік ғажайып. Сіздер, ардақты аналар, әрдайым жанымыздан табылып, қолдау көрсетіп, жұбатып, жігер беруге күш табасыздар. Сіздердің жылы сөздеріңіз бен мейірімді алақандарыңыз – дүниедегі ең қымбат байлық!