Ақпарат күні «Кітапханадағы журнал күні».
12 мамыр күні №16 кітапхана-филиалында «Кітапханадағы журнал күні» атты ақпарат күні өтті. Бұл күні жас оқырмандар балалар журналдары әлемімен танысты: «Вот!», «Фантазёры», «Тошка и компания», «Почемучкам обо всём на свете», «3/9 царство», «Балалар әлемі», «Балдырған». Іс-шара қызықты да тартымды атмосферада өтті: балалар «Журналды тап» және «Айдарын тап» атты ойындарға қатысып, өздерінің байқампаздығын, білімін және шығармашылық қиялын көрсетті. Қорытынды бөлімде «Жаңа журналдар» таныстырылымы ұйымдастырылып, балалар жаңа басылымдарды парақтап, өздеріне ұнаған журналдарды таңдап, қызыға оқыды. «Журнал күні» журналдардың білім мен идеяның, шабыттың маңызды көзі екенін көрсетіп, балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтуге және қиялын дамытуға ықпал етті.