Ерлік сабағы «Ұлы Жеңісті жүрегімізде сақтаймыз»

13.05.2026 17:10 Администратор библиотеки
Ерлік сабағы «Ұлы Жеңісті жүрегімізде сақтаймыз»

№16 кітапхана-филиалының қызметкері  №11 ЖББМ КММ оқушыларына арнап Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігіне арналған «Ұлы Жеңісті жүрегімізде сақтаймыз» атты ерлік сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар панфиловшылардың ерлігін, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев сияқты батырлардың қаһармандығын еске алды. Оқушылар өлеңдер оқып, викторинаға қатысып, нағыз батырға тән қасиеттер туралы өзара пікір алмасты. Іс-шара соңында «Ұлы Жеңіс беттері» атты әдебиеттер көрмесіне шолу жасалды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР