«Олжас Сүлейменов – дәуір тұлғасы» әдеби портрет
15 мамыр күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері онлайн форматта ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, танымал саясаткер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Олжас Сүлейменов – дәуір тұлғасы» атты әдеби портрет өткізді. Олжас Сүлейменов — бірегей тұлға! Ол өз өмірі мен жалынды сөздері арқылы қазақ халқының рухы мен абыройын асқақтатты. «Тек — тәрбие — талант» атты құндылықты өмірлік ұстаным еткен ол жастайынан үлкен жауапкершілікті мойнына алып, «Мен арқылы халқымды таниды» деген қағиданы өмірінің темірқазығына айналдырды.