«Ашық есіктер мен ашық кітаптар жазы» ашық есік күні
3 маусым күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ашық есіктер мен ашық кітаптар жазы» атты Ашық есік күнін өткізді. Қонаққа келген балаларды Астрид Линдгреннің әйгілі кейіпкері – Ұзыншұлық Пеппи қарсы алды. Ол балаларды жазушының өмірбаянымен және шығармаларымен таныстырды. Балалар Пеппимен бірге қызықты викториналарға қатысып, ойындар ойнап, көңілді эстафеталарға белсене араласты. Бағдарламаның келесі бөлімінде «Авторды танисың ба?» атты викторина, мақал-мәтелдерге арналған ойындар және «Кітап ізкесушісі» байқауы өткізілді. Балалар әдеби лото ойнап, «Жанды беттер» байқауында ертегілерді сахналады. Сонымен қатар «Кітап лабиринті» тапсырмаларынан өтіп, «Сөз құрастыр» эстафетасына және «Жақсы – жаман» ойынына қатысты. Мереке «Күншуақ тамшылары» атты көңілді би сергіту сәтімен аяқталды. Барлық қатысушылар мерекенің ұранына қосылды: «Ашық есіктер – ашық жүректерге, ашық кітаптар – асқақ армандарға жол ашады!». Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтіп, балаларға жарқын әсер сыйлады. Жас оқырмандар кітаптың білім мен қиялға толы ғажайып әлем екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.