Fusion зертханасы «Ғажайып ауа»

29.05.2026 11:08 Администратор библиотеки
Fusion зертханасы «Ғажайып ауа»

26 мамыр күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ғажайып эко-тур» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ғажайып ауа» атты Fusion зертханасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар ауаның көзге көрінбесе де, бізді үнемі қоршап тұратынын білді. Қатысушылар пакеттер, желбағар және сүзгілер арқылы қызықты тәжірибелер жасап, ауаның қасиеттерімен танысты. Жел, орман және табиғат туралы ертегілер арқылы балалар таза ауаның адам өміріндегі маңызын түсінді. Танымдық ойындар мен жұмбақтар шараның қызықты әрі әсерлі өтуіне ықпал етті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР