«Ертегіні ғылыммен құтқару миссиясы»
Кітапханада 1–4 сынып оқушыларына арналған ғылыми квиз форматындағы ойын бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында балалар ғылымның кез келген сиқырдан да күшті екенін дәлелдеді. Профессор Бәрінбілгішпен бірге қатысушылар ертегілер әлеміне саяхат жасап, түрлі бекеттердегі тапсырмаларды орындады. Әр сынақта сиқырлы таяқша емес, ғылыми білім мен логикалық ойлау қажет болды. Балалар «батпақтан» жебені магниттің көмегімен шығарып, сиқырланған суды сүзгі арқылы тазартты, мұзға қатып қалған кілтті тұз бен судың көмегімен босатты, қауіпсіз «жанартауды» іске қосып, ертегідегі ғажайыптарды физика мен химия заңдары арқылы түсіндірді. Іс-шара барысында оқушылар нағыз ғажайыптардың білімнен, қызығушылықтан және тапқырлықтан туындайтынына көз жеткізді. Сонымен қатар ғылымның кез келген ертегіні шындыққа айналдыра алатынын түсінді.