Тағдыр тәлкегіне түскендер
«Тағдыр тәлкегіне түскендер» атты teach-in. 26 маусым күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Тағдыр тәлкегіне түскендер» атты teach-in іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығы мен тағдырына тигізетін кері әсерін талқылап, өмірден алынған шынайы оқиғалармен танысты. Сондай-ақ «Өмір жолын таңдау» атты интерактивке қатысып, дұрыс таңдау жасаудың маңызын түсінді. Шара нашақорлықтың алдын алу бағытындағы маңызды қадам болып, жасөспірімдерге денсаулық пен жарқын болашақтың қадірін тағы бір мәрте еске салды. Сонымен қатар «Нашақорлық: шындық және әлем» атты әдебиеттер көрмесі ұсынылды.