Сиқырлы домбыра

03.07.2026 10:18 Администратор библиотеки
Сиқырлы домбыра

«Сиқырлы домбыра» әдеби-музыкалық қонақжайы. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Сиқырлы домбыра» атты әдеби-музыкалық қонақжай өткізді. Іс-шара барысында Құрманғазы, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері орындалып, балалар домбыраның шығу тарихы мен «Ақсақ құлан» күйі туралы аңызды тыңдады. Қатысушылар мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жұмбақтар шешті. Сондай-ақ Абай, Жамбыл және Қасым Аманжоловтың өлеңдері оқылды. Музыкалық ойын барысында балалар күйлердің көңіл күйін анықтап, оны қимыл-қозғалыс арқылы бейнеледі. Іс-шара қызықты әрі танымдық сипатта өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР