Кітапханадағы журналдар күні

24.09.2026 09:47 Администратор библиотеки
Кітапханадағы журналдар күні


«Кітапханадағы журналдар күні» ақпарат күні
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Кітапханадағы журналдар күні» атты ақпарат күнін өткізді. Күні бойы оқырмандарға мерзімді басылымдарға арналған жедел шолулар ұсынылды: «Жаңа журналдарға шолу», «Журнал жаңалықтарына бағыт» және «Баспасөз беттеріндегі қызығушылықтар әлемі». Оқырмандар «Мерзімді басылымдар толқынында: оқимыз, танысамыз, талқылаймыз» атты әдебиеттер көрмесімен де танысты. Келушілерге «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында орналастырылған мерзімді басылымдар каталогымен танысу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар келесі жылға мерзімді басылымдарға жазылу бойынша оқырмандардың ұсыныстары мен тілектерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР