Денсаулыққа апарар 10 оңай қадам

24.09.2026 09:37 Администратор библиотеки
Денсаулыққа апарар 10 оңай қадам

№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері оқушыларға арналған «Денсаулыққа апарар 10 оңай қадам» атты коучинг өткізді. Іс-шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды бағыттары қарастырылды. Қатысушылар күйзелісті жеңілдетудің «шаршы бойынша тыныс алу» әдісін, көзді қорғауға арналған «20-20-20» ережесін, дұрыс дене қалпын сақтауға арналған жаттығуларды және үстел басында жасауға болатын сергіту жаттығуларын тәжірибе жүзінде орындады. Сондай-ақ дұрыс ұйқы тәртібі, тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және күнделікті өмірде денсаулыққа пайдалы әдеттерді қалыптастыру туралы әңгіме өрбіді. Іс-шара соңында «Сергектік сырлары: оқимыз, байқап көреміз, қолданамыз» атты әдебиеттер көрмесіне шолу жасалды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР