Бірінші қолдан: кәсіби шеберліктің сырлары
№1 кітапхана-филиалында №7 ЖББМ-нің 10-сынып оқушыларына арналған «Бірінші қолдан: кәсіби шеберліктің сырлары» атты әңгіме өткізілді. Іс-шара кәсіби өзін-өзі анықтауға, болашақта білім алу бағыты мен мамандық таңдауға арналды. Кездесуге полиция подполковнигі, Шахтинск қаласы Полиция бөлімінің бастығының орынбасары Әбеуов Қайырбек Амантаевич және фотограф Максат қонақ ретінде шақырылды. Қонақтар өздерінің алған білімі, кәсіби жолы және жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді.