Күн – біздің өмірімізде

30.09.2026 10:46 Администратор библиотеки
Күн – біздің өмірімізде

 «Күн – біздің өмірімізде» коучинг
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері  «№11 ЖББМ КММ оқушыларына арналған «Күн – біздің өмірімізде» атты коучинг өткізді. Іс-шара Күннің тіршілік көзі ретіндегі рөлін түсіндіруге және балалардың эмоционалдық интеллектісін дамытуға бағытталды. Кездесу барысында оқушылар дене жаттығуларын орындап, Күнге қатысты жылы сөздер мен ассоциацияларды атады, жұмбақтардың шешуін тапты. Балалар ғарыш туралы қызықты деректерге арналған викторина сұрақтарына жауап беріп, жақсылық пен жылу туралы мақал-мәтелдердің мағынасын талқылады.
Әдеби аялдамада оқушылар К. Чуковский, К. Ушинский, М. Пришвин және Г. Х. Андерсеннің шығармаларымен танысып, олардың мазмұнын талдады. Шығармаларды талқылау нәтижесінде балалар мейірімділік пен жылылықтың күш қолданудан әлдеқайда тиімді екенін түсінді. Іс-шара соңында «Жақсылыққа толы кітаптардың шуақты беттері» атты әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР