Менің сүйікті әжем

02.10.2026 15:07 Администратор библиотеки
Менің сүйікті әжем

«Менің сүйікті әжем» әңгіме-сұхбаты. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері  №11 ЖББМ КММ оқушыларына «Менің сүйікті әжем» атты әңгіме-сұхбат өткізді. Кездесу барысында отбасының ең қамқор, дана әрі мейірімді мүшелері – әжелер туралы әңгіме өрбіді. Балалар өз әжелері туралы мақтанышпен әрі жылы сезіммен әңгімелеп, отбасындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті, өлеңдер оқыды және, әрине, әжелерінің ең дәмді бәліштерінің мәзірлерін еске алды. Сондай-ақ «Әдебиеттегі әжелер мен аталар» атты әдебиеттер көрмесі ұсынылды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР