Бұршақтағы ғылым
«Бұршақтағы ғылым» коучинг. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Бұршақтағы ғылым» атты коучинг өткізді. Қатысушылар Х. К. Андерсеннің «Бұршақ үстіндегі ханша» ертегісін еске түсіріп, «Бұршақты тап» ойыны арқылы дененің сезімталдық ерекшеліктерін зерттеді. Ойын барысында өздерінің денелік сезімдерін бақылап, талдау жасады, сондай-ақ тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді еске түсірді. Кездесу соңында қатысушылар кішкентай ғана бөлшектер мен қарапайым игі істердің адам өмірінде үлкен маңызға ие болатыны туралы қорытынды жасады. Іс-шара аясында «Сиқырлы ертегілер» атты әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.