Басты рәміздер – балалар көзімен
«Басты рәміздер – балалар көзімен» ойыны. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «№11 ЖББМ КММ 7-9 сынып оқушылары арасында «Басты рәміздер – балалар көзімен» атты танымдық ойын өткізді. Балалар жүргізушімен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері әлеміне қызықты саяхат жасап, ойын барысында ел рәміздерінің мағынасы мен ерекшеліктерімен танысты. Оқушылар көгілдір түстің мәні мен алтын түсті ою-өрнектің мағынасын білді. Қатысушылар «Қалықтаған Бүркіт пен Күн» қимылды ойынына белсенді қатысып, Шаңырақ пен қанатты Тұлпарлардың бейнесінде көрініс тапқан рәміздік мағынаны таныды. Сонымен қатар «ШАҢЫРАҚ», «ТҰЛПАР», «БҮРКІТ» негізгі сөздерін тапты. Іс-шара соңында балалар «Иә немесе Жоқ?» блиц-викторинасына қатысып, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекітті.