Терроризмге қарсы әлем
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жастарға арналған тейбл-ток форматында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында терроризмнің туындау себептері, әлеуметтік желілердегі цифрлық гигиена ережелері талқыланды. Сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде және күдікті заттар анықталған жағдайда әрекет етудің практикалық алгоритмдері пысықталды.