Ата-бабамның тілі мәңгі жасасын

12.05.2026 16:30 Администратор библиотеки
Ата-бабамның тілі мәңгі жасасын

№1 кітапхана-филиалының қызметкері №7 ЖББМ жоғары сынып оқушыларымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Ата-бабамның тілі мәңгі жасасын» атты лингвоквест өткізді. Кітапханашы мерекенің ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты екенін айтып өтті. Оқушылар қызықты тапсырмалар бойынша сайысқа түсіп, квест кезеңдерінен өтіп, мақал-мәтелдерді құрастырды. Атап айтқанда: «Сәлемдесейік», «Менің Отаным — Қазақстан», «Полиглот», «Мақал-мәтелдер шашуы» тапсырмаларын орындады. Оқушылар шет тілдері бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Ойын барысында білімдерін, зеректік пен ұйымшылдықтарын танытты. Әртүрлі тілдегі сәлемдесу сөздері, халық даналығы мен достық атмосферасы шараны қызықты әрі танымдық етті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР