Дарынды да дара жан

13.05.2026 17:07 Администратор библиотеки
Дарынды да дара жан

№1 кітапхана-филиалының қызметкері «Қазақстанның танымал тұлғаларының айтулы мерейтойлары» жобасы аясында №5 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен Исраил Сапарбаевтың 85 жылдығына арналған «Дарынды да дара жан» атты портрет кешін өткізді. Кітапханашы оқушыларды жазушының қысқаша өмірбаяны және шығармашылығымен, сондай-ақ оның «Ауылдан кеген ару», «Анашым», «Жүрегім» атты танымал шығармаларымен таныстырды. Бұл туындыларда автор махаббат, адалдық, адамгершілік таңдауы, адам қадір-қасиеті мен өмір шындығы туралы ой толғайды. Іс-шара соңында «Исраил Сапарбаевты білеміз бе?» атты викторина өткізіліп, қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін нығайтты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР