Үлкен жүректі кішкентай әйел
№1 кітапхана филиалының қызметкері әлеуметтік желі қолданушыларына ағылшын жазушысы Шарлотта Бронтенің туғанына 210 жыл толуына орай «Үлкен жүректі кішкентай әйел» атты әдеби визитканы ұсынды. Кітапханашы жазушының өмір жолы, шығармашылық қызметі, күрделі тағдыры және әлем әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр», «Мұғалім» және «Шағын қала» атты белгілі шығармаларымен танысты. Бұл туындыларда адам мінезінің беріктігі, еркіндік, арман және тұлғаның өз болмысына деген құқығы сияқты маңызды тақырыптар көрініс табады.