Оқитын мектеп

24.07.2026 17:29 Администратор библиотеки
Оқитын мектеп

«Оқитын мектеп» бағдарламасы аясында №1 кітапхана-филиалының қызметкері жоғары сынып оқушыларына арналған «Ойлануға жетелейтін кітап» атты ашық аспан астындағы оқулар өткізілді. Олардың қатарында Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», А. Бектің «Волоколам тас жолы», Ш. Айтматовтың «Бетпе-бет», Ким Тхэ Юнның «Иди туда, где трудно», Э. Ремарктің «Үш жолдас» шығармалары ұсынылды. Ашық аспан астындағы оқулар барысында адамгершілік таңдауы, ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік, достық, жауапкершілік пен адам рухының күшін арқау еткен әсерлі үзінділер оқылды. Әрбір шығармадан кейін қатысушылар кітаптың негізгі идеясын талқылап, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз бағаларын беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР