Әр нөмір – жаңа шытырман оқиға!

09.10.2026 11:11 Администратор библиотеки
Әр нөмір – жаңа шытырман оқиға!

№1 кітапхана-филиалында №7 ЖББМ 2-сынып оқушылары үшін «Әр нөмір – жаңа шытырман оқиға!» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында кітапханашы балаларды кітапханадағы мерзімді басылымдармен таныстырып, олардың тақырыптық бағыттары мен мазмұнына шолу жасады. Балалар журналдардың алуан түрлілігімен танысып, өздеріне қызықты басылымдар туралы білді. Алған білімдерін бекіту мақсатында «Журналды тап» ойыны ұйымдастырылды. Ойын кезінде балалар сипаттамасына қарап, журналдың атауын табуға тырысты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР