Ұрпақтар үндестігін жалғаған поэзия
№1 кітапхана-филиалында №7 ЖББМ 11-сынып оқушыларына көрнекті қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұрпақтар үндестігін жалғаған поэзия» атты әдеби кеш өткізілді.
Оқушылар ақын шығармашылығының негізгі тақырыптарымен танысты: Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік, азаматтық ұстаным, достық, махаббат, ерлік, тарихи жады және адамның өз халқына деген жауапкершілігі.