Мол өнімді өз қолыңмен жаса
«Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушыларына арнап №1 кітапхана-филиалында «Мол өнімді өз қолыңмен жаса» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар көкөністер мен жемістер бейнеленген шағын банкалар түріндегі сәндік композициялар жасады. Шығармашылық жұмыстарды безендіру үшін түрлі-түсті материалдар мен сәндік жылтыр ұнтақ қолданылды. Әрбір бала өз қиялына ерік беріп, ерекше әрі қайталанбас қолөнер бұйымын жасады.