Ғаламшардың ғажайып сырлары
№ 1 кітапхана-филиалында № 7 ЖББМ-нің 1-сынып оқушыларына арналған «Ғаламшардың ғажайып сырлары» атты экологиялық сағат өтті.
Балалар табиғат әлеміне қызықты саяхат жасап, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау ережелерін еске түсірді. Экологиялық ойындарға қатысып, қалдықтарды металл, органикалық қалдықтар, пластик, шыны, қағаз және электрондық қалдықтар санаттары бойынша сұрыптауды үйренді. Пайдаланылған батарейкаларды дұрыс жинау мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында балалар В. Бианки «Орман үйлері» атты шығармасымен танысып, табиғатты қорғаудың маңызы туралы әңгімелесті.
Кездесу балаларға табиғатты аялауға бағытталған әрбір игі істің ғаламшарымызды таза әрі әсем сақтауға көмектесетінін түсінуге ықпал етті.