Кітапхана сахнасы: ертегі әлеміне саяхат

17.10.2026 16:25 Администратор библиотеки
Кітапхана сахнасы: ертегі әлеміне саяхат

№1 кітапхана-филиалында «Капуста» балабақшасының 0-сынып тәрбиеленушілеріне орыс халық ертегісі «Бауырсақ» негізінде «Кітапхана сахнасы: ертегі әлеміне саяхат» атты сахналық қойылым ұйымдастырылды. Балалар кітапханашымен бірге ертегінің мазмұнын еске түсіріп, Бауырсақтың орман ішіндегі саяхаты мен аңдармен кездесуі туралы көріністерді сахналады. Іс-шара соңында кітапханашы балалармен олардың алған әсерлері туралы әңгімелесті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР