Қасым Аманжолов

05.10.2026 10:41 Администратор библиотеки
Қасым Аманжолов

Кітапхана-филиал №2-нің әлеуметтік желілерінде қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған ақпараттық бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте ақынның өмір жолы, әдебиеттегі қалыптасуы, соғыс жылдарындағы кезеңі және шығармашылығының негізгі бағыттары туралы баяндалады. Қасым Аманжолов поэзиясындағы Отан, махаббат, достық, соғыс және адам сезімі тақырыптарына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ көрермендер ақынның аудармашылық қызметі және оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы біле алады. Ақынның шығармашылығымен танысып, бүгінгі таңда да Қазақстанның әдеби мұрасының бір бөлігі болып отырған оның жыр жолдарын еске алуға шақырамыз.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР