«Ойын ассортиі»

19.06.2026 17:09 Администратор библиотеки
«Ойын ассортиі»

18 маусым күні №12 ЖББМ  жанындағы лагерь тәрбиеленушілері мен жас оқырмандар үшін кітапханада «Ойын ассортиі» атты ойынхана өткізілді. Бұл күні барлық ниет білдірушілер үстел ойындарының көмегімен бос уақыттарын көңілді әрі қызықты өткізді. Кітапханашы үстел ойындарының шығу тарихы мен олардың алуан түрлілігі туралы әңгімеледі. Балалар қызықты әрі тартымды ойындардың қандай пайдасы бар екенін білді. Балаларға ұсынылған ойындар сан алуан болып, кез келген жас ерекшелігіне сай келді. Іс-шараға қатысушыларға шахмат, дойбы, домино, лото және басқа да ойындар туралы мәлімет берілді. Балалар үлкен қызығушылықпен жүріп өтетін ойындарды ойнап, пазлдар құрастырып, лабиринттерден өтті. Іс-шара соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, жаңа білім алды. Қорытындылай келе, кітапханашы балаларды жазғы демалыс кезінде сүйікті үстел ойындарын ойнауға болатын оқу залына келуге шақырды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР