«Кітаптар патшалығы – мультфильмдер елі»
Кітапханада балалар үшін «Кітаптар патшалығы – мультфильмдер елі» атты мультфейерверк өткізілді. Іс-шара барысында жас оқырмандар балалардың сүйікті өнер түрлерінің бірі – мультипликация әлеміне қызықты саяхат жасады. Балалар үлкен қызығушылықпен танымал және сүйікті мультфильмдер түсірілген кітаптармен танысты. Олар әсем безендірілген кітаптарды тамашалап, сүйікті кейіпкерлерін еске түсіріп, көрген мультфильмдері жайлы әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар үшін қызықты ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, кейіпкерлер мен мультфильм атауларын тапты, «Кейіпкерді тап», «Мультсый», «Мультлото» және «Ертегілер калейдоскопы» байқауларына қатысты. Балаларға әсіресе «Сүйікті мультфильмдерге саяхат» тапсырмасы ұнады. Бұл ойында берілген ишаралар арқылы жасырылған мультфильмді табу қажет болды. Қатысушылар тапқырлықтарын, зейінділіктерін және мультфильмдер туралы жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шара соңында балалар режиссер В. Дегтярёвтің «Түймедақ алқабынан шыққан паровоз» мультфильмін тамашалады. Мультфейерверк балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көптеген жағымды әсерлер мен жарқын эмоциялар тарту етті.