Қазақ музыкасының інжу-маржаны
№ 8 Шахан кентінің кітапхана-филиалының қызметкерлері «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де Ұлттық домбыра күніне және Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына арналған «Қазақ музыкасының інжу-маржаны» атты музыкалық портрет өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға ұлы күйші, композитор Дина Нұрпейісованың жарқын ғұмыры мен бай шығармашылық жолы туралы кеңінен мәлімет берілді. Әңгіме барысында аңызға айналған орындаушының мол мұрасын тереңірек таныту мақсатында бейнематериалдар көрсетілді. Кездесу орталықтың қызмет алушыларына жылы әсер сыйлап, ұлттық музыка мәдениетінің қайнар бұлағына жақындай түсуге мүмкіндік берді.