Кітаппен қызықты ғылымдар әлеміне
Шахан кентіндегі №8 кітапхана филиалының қызметкерлері балалар алаңында «Ғылымның қызықты әлеміне кітаппен» атты библиоорындық ұйымдастырып, балаларды қызықты энциклопедиялармен және ғылыми-танымдық әдебиеттермен таныстырды. Жас қатысушылар кітаптарды қызыға қарап қана қоймай, «Жас профессор» ойынына белсене қатысып, тапқырлықтары мен ізденімпаздықтарын көрсетті. Іс-шара көңілді әрі танымды өтті, балаларға жаңа білім мен жарқын әсер сыйлады. Кездесу соңында кітапханашы балаларды кітап пен ғылымның ғажайып әлемімен танысуды жалғастыру үшін кітапханаға шақырды.