Ертегі әлеміне саяхат

14.07.2026 11:25 Администратор библиотеки
Ертегі әлеміне саяхат

9 шілде күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Капуста» бөбекжайының тәрбиеленушілері үшін «Ертегі әлеміне саяхат» атты көңілді қызықтар алаңын ұйымдастырды. Бұл ерекше алаң балалар үшін нағыз ертегі мекеніне айналып, оларды қызықты ойындар мен көңілді сынақтар күтті. Бүлдіршіндер «Ертегідей амандасу», «Сиқырлы жіп», «Теремок», «Ертегілер жолымен» атты қимылды ойындарға белсенді қатысты. Балаларға «Кітапта кім өмір сүреді?», «Кейіпкерді тап», «Ертегілер шатасып кетті» атты ертегілік викториналар ерекше қызығушылық тудырды. Ертегі саяхаты «Винни-Пух қонаққа барады» атты мейірімді мультфильм көрсетілімімен жалғасты. Одан кейін кітапханашылар кішкентай оқырмандарға арналған жаңа кітаптарға шолу жасап, «Кітап сандығындағы ғажайыптар» атты таныстырылымда түрлі-түсті әрі қызықты кітаптарды ұсынды. Шараның қорытынды бөлімінде шығармашылық шеберхана ұйымдастырылып, балалар өз қолдарымен «Бауырсақ» атты сүйкімді қолөнер жұмысын жасады. Көңілді әрі мазмұнды саяхат бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ертегілер мен кітаптардың ғажайып әлеміне деген қызығушылығын арттырды. 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР