Жаңа кітаппен кездесу
№11 кітапхана филиалының кең оқырман қауымына арналған «Жаңа кітаппен кездесу» атты кітаптарға шолу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттер таныстырылды. Оқырмандар көркем әдебиетпен, салалық және балалар әдебиетімен танысып, жаңа басылымдарға шолу жасалды. Ең қызықты кітаптар ұсынылып, оқитын кітап таңдауға қатысты қысқаша ұсынымдар берілді. Шара оқуды насихаттауға және оқырмандардың кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Оқырмандардың ерекше қызығушылығын қазақстандық авторлардың шығармалары – Ш. Жылқыбаеваның «Жапон ертегілері», Ә. Сыздықовтың «Алма ағашының ертегісі», А. Жақиянованың «Бәсіре-жыр» және басқа да туындылары, сондай-ақ Д. Лондон мен Л. Кэрроллдың қазақ тіліне аударылған классикалық шығармалары тудырды. Іс-шара соңында бірнеше кітап оқуға алынды.