Қарсы алыңыз! Танысыңыз! Оқыңыз!
17 шілде күні №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері жас оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында «Қарсы алыңыз! Танысыңыз! Оқыңыз!» атты жарнамалық акция өткізді. Акция барысында кітапханашылар балаларға арналған ең қызықты жаңа кітаптар туралы жарнамалық парақшалар әзірледі. Әрбір жарнамалық парақша тәтті сыйлыққа қоса ұсынылды. Кітапханашылар саябақтарды, балалар ойын алаңдарын және аулаларды аралап, балаларды әдеби викторинаға қатысуға шақырды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға жарнамалық парақшалар қоса берілген кәмпиттер мен шоколадтар табысталды. Акция балалардың үлкен қызығушылығын туғызып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара соңында кітапханашылар жас оқырмандарды кітапханаға шақырып, акция барысында танысқан жаңа кітаптарды оқуға шақырды