Эко-білгір

22.07.2026 14:29 Администратор библиотеки
Эко-білгір

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында мектеп оқушыларына арналған «Эко-білгір» атты квест-ойын өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар қоршаған әлем туралы көптеген жаңа мәліметтер алды. Сонымен қатар кітапханашы бүгінгі таңда әлемді алаңдатып отырған экологиялық мәселелер жөнінде әңгімеледі. Ойын барысында оқушылар экологиялық бекеттер бойынша саяхат жасап, сұрақтарға жауап берді, экологиялық жұмбақтарды шешті. Іс-шара соңында барлығы бірге табиғатты аялауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға уәде беріп, экологиялық ант қабылдады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР