Менің таңдауым – менің болашағым

29.09.2026 15:14 Администратор библиотеки
Менің таңдауым – менің болашағым

Шахан кентінің №8 кітапхана-филиалында жас оқырмандар Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Менің таңдауым – менің болашағым» атты танымдық квест-ойынға қатысты. Іс-шара барысында кітапханашылар оқушыларға Еңбек күнінің маңызы, еңбектің адам өміріндегі орны және қазіргі заманғы мамандықтардың сан алуандығы туралы әңгімеледі. Екі командаға бөлінген оқушылар мамандықтар әлеміне қызықты саяхат жасап, әртүрлі кезеңдерден өтті. Әр станцияда оларды қызықты тапсырмалар, байқаулар мен викториналар күтті. Атап айтқанда: «Мамандықтар әліппесі», «Шатасқан сөздер», «Түйінді сөздер», «Мақал-мәтелдердегі еңбек», «Ең ерекше мамандық» және басқа да тапсырмалар ұйымдастырылды. Квест барысында оқушылар барлық кезеңдерді сәтті өтіп, өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және ұйымшылдықтарын көрсете білді. Іс-шара соңында кітапханашылар оқушыларға оқуда табыс тілеп, білім көкжиегін үнемі кеңейтуге, көбірек кітап оқуға және жаңа білім алуға шақырды. Алған білімдері болашақта мамандықты саналы түрде таңдап, өздерінің сүйікті ісін табуға көмектесетіні атап өтілді.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР