Туған жерің – тұғырың
29 қыркүйекте Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының оқырмандары үшін туған өлкенің тарихына, бүгініне және оның тұрғындарына арналған «Туған жерің – тұғырың» атты ақпарат күні өтті.Іс-шараға орай оқу залында «Бәрінен қымбат өлкем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар күні бойы әдебиеттерге шолу жасап, «Тарихты білу, өткенді қадірлеу» атты шолуда туған өлкеміздің тарихына арналған кітаптарды таныстырды. Ал «Өлкеміздің даңқты тұлғалары» атты шолу оқырмандарды Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, жазушылар және өлкеміздің басқа да танымал тұлғалары туралы басылымдармен таныстырды. Кітапханашылар келушілердің назарын «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында орналастырылған өлкетану материалдарының мол қорына аударды. Кітапхана холында «Кіші Отан – үлкен махаббат» атты фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме арқылы оқырмандар Шахан тұрғындарының жеке мұрағаттарынан алынған фотосуреттерде бейнеленген кент тарихымен танысуға мүмкіндік алды. Оқырмандардың назарын кенттің көшелері мен ұйымдарының ғимараттары бейнеленген «Шахан объективте» атты фотокөрме де аударды. Өлкетану күні оқырмандар үшін қызықты әрі танымды өтті. Іс-шара соңында олар туған кенттеріне одан әрі өркендеу мен бақ-береке тіледі.