Жаңа буынның кітап сөресі
25 қыркүйекте Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалы әлеуметтік желілерде «Жаңа буынның кітап сөресі» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы заманауи әдебиеттің сан алуандығы мен оның жас оқырмандар үшін маңызы туралы әңгімеледі. Оқырмандарға қазіргі жастарға жақын өзекті тақырыптарды қозғайтын, әлемге, достық пен қарым-қатынасқа, өмірлік таңдау жасауға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін кітаптар ұсынылды. Кітап шолуында әртүрлі жанрдағы шығармалар таныстырылып, заманауи авторлардың шығармашылығына қызығушылық танытуға мүмкіндік беретін кітаптарға назар аударылды. Іс-шара соңында қатысушыларға өздеріне ұнайтын кітаптарды тауып, олардан жақсы әсер алып, жаңа әдеби шығармаларды ашуға тілектестік білдірілді.
Фото ЖИ көмегімен жасалған.