Каталог – кітапхана қорының кілті

02.10.2026 15:15 Администратор библиотеки
Каталог – кітапхана қорының кілті

Шахан кентінің №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері №2 мектептің 5-сынып оқушыларына «Каталог – кітапхана қорының кілті» атты кітапханалық сабақ өткізді. Кітапханашы оқушыларға кітапхана каталогының не екенін, әдебиеттерді іздеу барысында оның қандай маңызға ие екенін түсіндірді. Сондай-ақ каталогтың негізгі түрлері – алфавиттік және электрондық каталогтармен таныстырды. Оқушылар каталогтық карточканың құрылымымен танысып, кітапханалық шифрдың не екенін және оның көмегімен қажетті кітаптың кітапхана қорындағы орналасқан жерін қалай анықтауға болатынын білді. Алған білімдерін бекіту мақсатында практикалық тапсырмалар орындалды. Бесінші сынып оқушылары тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтындағы алфавиттік және электрондық каталогтар арқылы қажетті әдебиеттерді өз беттерінше іздеді. Кітапханалық сабақ оқушылардың белсенді қатысуымен, қызықты әрі мазмұнды өтті. Іс-шара кітапхана ресурстарымен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР