Кітапхана ісінің шебері

09.10.2026 15:16 Администратор библиотеки
Кітапхана ісінің шебері


    Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында «Кітапхана ісінің шебері» атты кітапханалық сабақ өтті. Іс-шара барысында балалар кітапханашы мамандығымен танысып, оның маңыздылығы мен сан қырлылығы туралы білді. Балалар кітапханашының тек кітап беріп қана қоймай, оқырмандарға қажетті ақпаратты табуға көмектесетінін, қызықты шығармалармен таныстыратынын, танымдық іс-шаралар ұйымдастыратынын және оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыратынын білді. Балалардың ерекше қызығушылығын «Мен кітапханашы болсам...» атты ойын тудырды. Ойын барысында олар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тапқырлықтарын танытып, өздерін кітапханашы рөлінде сынап көрді. Кітапханалық сабақ балаларға осы қызықты әрі маңызды мамандықты тереңірек танып-білуге, кітапханашының кітаптар мен білімнің ғажайып әлеміне жол көрсететін нағыз маман екенін түсінуге көмектесті.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР