Кітап сөресіндегі жаңа кітаптар

12.10.2026 09:48 Администратор библиотеки
Кітап сөресіндегі жаңа кітаптар

7 қазанда Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалы «Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ барып жаңа кітаптардың түсу айлығына орай «Кітап сөресіндегі жаңа кітаптар» атты ақпараттық сағат өткізді. Қатысушыларға кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптар таныстырылып, ең қызықты әрі тартымды басылымдар туралы әңгімеленді. Әртүрлі жастағы оқырмандардың қызығушылығын тудыратын көркем және танымдық әдебиеттерге ерекше назар аударылды. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар жаңа кітаптармен қызыға танысып, әрі қарай оқу үшін өздеріне ұнаған кітаптарды таңдады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР