Мейірім мен қуаныш жырлары

15.10.2026 15:51 Администратор библиотеки
Мейірім мен қуаныш жырлары

Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері қазақтың көрнекті балалар ақыны, аудармашы Ануарбек Дүйсенбиевтің туғанына 95 жыл толуына орай әлеуметтік желілерде «Мейірім мен қуаныш жырлары» атты әдеби портрет ұсынды. Оқырмандар ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, оның әдеби қызметі және қазақ балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Ақынның жас оқырмандарды қоршаған ортамен таныстыратын, ізгілікке, ізденімпаздыққа, туған жерді сүюге және адамдарды құрметтеуге баулитын туындыларына ерекше көңіл бөлінді. Жас оқырмандар Ануарбек Дүйсенбиевтің балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, санамақтар мен жұмбақтар жазғанын, сондай-ақ шетелдік белгілі авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аударғанын білді. Іс-шара соңында кітапханашы балаларға ақынның тамаша кітаптарын оқып, жүрекке жылу сыйлайтын жарқын да қуанышты өлеңдерімен танысуды ұсынды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР