Таңдау лабиринті: сенім, ақыл және қауіпсіздік
№2 кітапхана-филиалында ШТК студенттері үшін экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға арналған «Таңдау лабиринті: сенім, ақыл және қауіпсіздік» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- экстремизм мен терроризмнің не екендігін және олардың қоғам үшін неліктен қауіпті екенін;
- радикалды ықпал мен манипуляция белгілерін қалай тануға болатынын;
- күнделікті өмірде және цифрлық кеңістікте қауіпсіздікті сақтаудың негізгі ережелерін талқылады.
Сондай-ақ шынайы ақпаратты деструктивті идеялардан ажырата білу, азаматтық ұстанымды сақтау және арандатушылыққа берілмеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.