«Жыл беттері: бірге ашамыз» (Бір ел – бір кітап) Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл «Тағдыр» романы

26.02.2026 11:13 Администратор библиотеки
«Жыл беттері: бірге ашамыз»  (Бір ел – бір кітап) Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл «Тағдыр» романы

Әдеби сағатты кітапхана қызметкері кіріспе сөзбен ашып, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының маңызына тоқталды. Акцияның басты мақсаты – ел болып бір шығарманы оқып, талқылау арқылы рухани бірлікті нығайту екендігі айтылды. Шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылды. Жазушының тарихи тақырыптағы еңбектері, ұлт тағдырына қатысты ойлары жөнінде мәлімет берілді. «Тағдыр» романының мазмұнына шолу жасалып, шығарманың негізгі идеясы, кейіпкерлер бейнесі және тарихи кезең ерекшеліктері талқыланды. Романдағы ел мен жер тағдыры, ұлт бірлігі, қиын-қыстау кезеңдегі халықтың өмірі туралы ой қозғалды. Қатысушылар романнан үзінділер оқып, өз пікірлерімен бөлісті. Еркін пікір алмасу барысында шығарманың тәрбиелік мәні мен қазіргі заманмен сабақтастығы сөз болды. Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Қабдеш Жұмаділовтің басқа да шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды. Әдеби сағат мазмұнды әрі әсерлі өтті. Қатысушылар «Тағдыр» романының тарихи және тәрбиелік маңызын терең түсініп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара ұлттық әдебиетті насихаттауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР