Жамбылдың әдеби мұрасы
Әдеби қонақ бөлмеде кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде биылғы жыл Жамбыл Жабаевқа 180 жыл екенін айта кетіп, әрмен қарай Жамбылдың өмірі мен шығармаларына бағытталған бейнематериалдармен жалғастырды. Шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылды. Жазушының тарихи тақырыптағы өлеңдері, ұлт тағдырына қатысты жырлары жөнінде мәлімет берілді. Өлеңдерінің мазмұнына шолу жасалып, негізгі идеясы, тарихи кезең ерекшеліктері талқыланды. Өлеңдеріндегі ел мен жер тағдыры, ұлт бірлігі, қиын-қыстау кезеңдегі халықтың өмірі туралы ой қозғалды. Қатысушылар өлеңінен үзінділер оқып, өз пікірлерімен бөлісті. Еркін пікір алмасу барысында өлеңнің тәрбиелік мәні мен қазіргі заманмен сабақтастығы туралы сөз қозғалды. Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жамбыл Жабаевтың басқа да өлеңдері оқырмандар назарына ұсынылды. Іс-шара ұлттық әдебиетті насихаттауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қоспақ.