Весенний MIX
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Весенний MIX» атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар түрлі қызықты ойындар мен сайыстарға, музыкалық викториналарға және шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Бағдарлама қатысушылардың тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Мереке көтеріңкі көңіл күй мен жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға ерекше әсер мен жағымды эмоциялар сыйлады.