Өлке тарихы тұлғалар бейнесінде
Шара барысында қатысушыларға Шахтинск қаласының тарихы, оның қалыптасуы мен дамуы туралы мәлімет берілді. Қаланың дамуына үлес қосқан шахтерлер, еңбек адамдары, білім және мәдениет саласының өкілдері туралы айтылды. Қатысушыларға туған өлкенің тарихын білу, жергілікті тұлғалардың еңбегін құрметтеу туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Шахтинск қаласының тарихына арналған кітаптар мен материалдар таныстырылды. Шарада оқушылар белсенді қатысып, туған өлке тарихы туралы өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді. Өлкетанулық сағат туған өлкеге деген қызығушылығын арттырып, қала тарихы мен оның дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білімдерін кеңейтті.