«Сыбайлас жемқорлық: фактілер мен мифтер» талқылау
Орталық кітапханада инспектор полицияның қатысуымен подкаст форматында — пікірталас түріндегі іс-шара ұйымдастырылды. Жүргізуші қатысушыларды қарсы алып, кездесу тақырыбымен таныстырды — «Сыбайлас жемқорлық: фактілер мен мифтер». Әңгіме барысында полиция инспекторы сыбайлас жемқорлықтың мәнін түсіндіріп, қандай әрекеттердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жататынын және заңнамада қандай жауапкершілік қарастырылғанын баяндады. Подкаст қатысушыларға сыбайлас жемқорлық мәселесін және оның салдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың адалдығы мен жауапкершілігінен басталатыны атап өтілді.