Заң және жасөспірім: жауапкершілік және құқықтық мәдениет

31.03.2026 14:10 Администратор библиотеки
Заң және жасөспірім: жауапкершілік және құқықтық мәдениет

Клуб жетекшісі оқушыларды Шахтинск қалалық полиция учаскесі алдында қарсы алып, тақырыпты таныстырды. Экскурсия мақсаты мен жоспары қысқаша айтылды. Жасөспірімдердің құқықтық мәртебесі мен заң алдындағы жауапкершілік туралы және басқа да ақпаратты экскурияны жүргізген, қызмет туралы, жұмыс барысымен және полиция учаскесі ішінде орналасқан мұражаймен Төлеужан Назым Қойшыбайқызы таныстырды.

Құқықтық мәдениет түсіндірілді, нақты мысалдар келтірілді. «Сен білесің бе?» сауалнамасы жүргізілді. Оқушылар құқықтық сұрақтарға жауап берді. Оқушылар топқа бөлініп, құқықтық жағдайларды талдады. Әр топ өз шешімін қорғады.

Клуб жетекшісі шараны қорытындылап, құқықтық мәдениет пен заңға құрметтің маңызын атап өтті. Клуб мүшелеріне алғыс білдірілді. Жасөспірімдер құқықтық жауапкершілік туралы толық ақпарат алды. Құқықтық мәдениетке деген түсініктері артты. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін түсінді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР